Science Impact — «Ғалым-жаңалық»

Science Impact — «Ғалым-жаңалық»

Science Impact — «Ғалым-жаңалық»

Санат 2024-2025 жылдар аралығында өз мансабының бастапқы сатысында тұрған, бірақ Қазақстанның ғылыми қоғамдастығында атын шығарып үлгерген, hard және soft салалардағы жас ғалымдар мен зерттеушілерге назар аударады.

Санат 2024-2025 жылдар аралығында өз мансабының бастапқы сатысында тұрған, бірақ Қазақстанның ғылыми қоғамдастығында атын шығарып үлгерген, hard және soft салалардағы жас ғалымдар мен зерттеушілерге назар аударады.

Іріктелген тізім

Іріктелген тізім
Qaitadan

Qaitadan — апатты болдырмау үшін бір күнді қайта-қайта бастан өткеретін уақыт ілмегіне түскен жасөспірім жайлы әлеуметтік драма. Фильм отбасылық құндылықтар, азаматтық жауапкершілік және коррупцияның салдары тақырыптарын көтеріп, қоғамдағы бейқамдықтың қауіптілігін көрсетеді

Красивая / ӘДЕМІ

Бұл деректі фильм — ана әрі режиссердің жеке тарихы. Ол шығармашылық арқылы қызының БЦП (ДЦП) диагнозын қабылдау жолынан өтеді. Жоба мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты стереотиптерден бастап, отбасыларға қолдаудың жетіспеушілігіне дейінгі маңызды әлеуметтік тақырыптарды көтеріп, көрерменде эмпатия, түсіністік пен ашық диалог қалыптастыруды мақсат етеді.

Тұл

«Тұл» — шынайы оқиғаға негізделген көркем фильм. Ол әйелдің есеюін, жарақатын және қазақ қоғамындағы үнсіздікті зерттейді. Фильм балалық шақтағы ауырсыну, жоғалту мен жалғыздық тақырыптарын көтеріп, басты кейіпкерді символ ретінде емес, тірі адам ретінде көрсетеді. Фильм көрерменді қоғамда дауыстап айтылмайтын тәжірибені бірге сезінуге шақырады.

Joqtau

Joqtau — жас ғалым Дархан жайлы фильм. Ұзақ уақыттан кейін ол үйіне оралып, атасы мен сүйіктісімен бірге туған жерге сапар шегеді. Атауы қазақтың жоқтау жанрына сілтеме жасайтын фильм жақын адаммен қоштасудың әніне және қабылдау сынағына айналады.