

Qaitadan
Qaitadan — апатты болдырмау үшін бір күнді қайта-қайта бастан өткеретін уақыт ілмегіне түскен жасөспірім жайлы әлеуметтік драма. Фильм отбасылық құндылықтар, азаматтық жауапкершілік және коррупцияның салдары тақырыптарын көтеріп, қоғамдағы бейқамдықтың қауіптілігін көрсетеді

Красивая / ӘДЕМІ
Бұл деректі фильм — ана әрі режиссердің жеке тарихы. Ол шығармашылық арқылы қызының БЦП (ДЦП) диагнозын қабылдау жолынан өтеді. Жоба мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты стереотиптерден бастап, отбасыларға қолдаудың жетіспеушілігіне дейінгі маңызды әлеуметтік тақырыптарды көтеріп, көрерменде эмпатия, түсіністік пен ашық диалог қалыптастыруды мақсат етеді.

Тұл
«Тұл» — шынайы оқиғаға негізделген көркем фильм. Ол әйелдің есеюін, жарақатын және қазақ қоғамындағы үнсіздікті зерттейді. Фильм балалық шақтағы ауырсыну, жоғалту мен жалғыздық тақырыптарын көтеріп, басты кейіпкерді символ ретінде емес, тірі адам ретінде көрсетеді. Фильм көрерменді қоғамда дауыстап айтылмайтын тәжірибені бірге сезінуге шақырады.

Joqtau
Joqtau — жас ғалым Дархан жайлы фильм. Ұзақ уақыттан кейін ол үйіне оралып, атасы мен сүйіктісімен бірге туған жерге сапар шегеді. Атауы қазақтың жоқтау жанрына сілтеме жасайтын фильм жақын адаммен қоштасудың әніне және қабылдау сынағына айналады.

Кристина Михайлова
режиссер, продюсер, Women make docs бастамасының негізін қалаушы

Андрей Мануйлов
Unico Play бас редакторы, Alternativa Film Festival жобасын танымал ету бойынша продюсер, 48HFR қауымдастығының негізін қалаушы

Асхат Кучинчереков
актер, «Бауырына салу» фильмінің режиссері, сценарист, продюсер

Марк Котоконов
QARA Studios продюсері

Шах-Мурат Ордабаев
театр,кино режиссері және актер, Disney дубляжының режиссері

Дархан Тулегенов
кинорежиссер, сценарист
Креативтілік және бірегейлік
Өзектілігі және заман талабына сай болуы
Орындау технологиясы және сапасы
Тұжырымдама және storytelling
Экологиялық тазалық және тұрақтылық
Әсері мен ауқымы
Стилистикалық тұтастық






